Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіретін ұйымдардағы акциз постары
туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі
1999 жылғы 20 қыркүйек № 1163
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрінің 2002 ж. 6 мамырдағы № 483 бұйрығына сәйкес осы бұйрығының күші жойылды
Акцизделетiн өнiм өңдiрiсi мен айналымы саласында бақылауды күшейту және салықтар мен бюджетке басқа да мiндеттi төлемдердiң толық әрi уақтылы түсуiн қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
1. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiретiн ұйымдардағы акциз постары туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ереженi бекіту туралы" Мемлекеттік кiрiс министрiнің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 217 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Ереженiң атауында және мәтiнде "этил спиртi мен алкогольдiк" деген сөздер "акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын.
3-тармақта:
"Инспекторлардың жұмысына жедел басшылық, соның iшiнде" деген сөздер алып тасталсын;
"ағымдағы бақылау" деген сөздердің алдында "және" шылауы жазылсын.
Мынадай мазмұндағы 3.1-тармақпен толықтырылсын:"Акциз постарының жұмысына жедел басшылықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі Салық полициясы комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң акцизделетiн өнiмнiң заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бөлiм басшылары жүзеге асырады.".
4-тармақта:
4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"тек қана есепке алу тетiктер мен өлшеуiш аппараттар (приборлар) арқылы және соңғыларын пломба салынған күйде пайдаланғаны үшiн акцизделген өнiмдi алып тастауға";
5) тармақшада:
"таңбаланған" деген сөзден кейiн "таңбалануы тиiс" деген сөздермен толықтырылсын.
5-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы зандарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі мен акцизделген өнiм өндiрiсi мен айналымын реттейтiн оның құрылымдық бөлiмшелерi бұйрықтарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға.";
5) тармақшада: