Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1440 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 22 сентября 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 22 сентября 1999
Дата последнего изменениясреда, 22 сентября 1999

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N
343 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1440 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жекелеген жұмыс және қызмет түрлерінің рыногын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 11, 105-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес жекелеген мемлекеттік ұйымдар орындайтын салада жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметтерін жандандыру жолымен жұмыстар мен қызметтер рыногын дамытудың қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігімен келісілсін.";

Көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы тараулармен толықтырылсын:

"Экологиялық сараптама саласындағы қызмет

32. Экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:

жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттарына ұсыныстарды, ескертпелер мен қорытындыларды, табиғатты пайдалану мәселелеріне қатысы бар келісімдерді, шарттарды, халықаралықтарын қоса, дайындау.

33. Шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде экологиялық аудит өткізу.

34. Қоршаған орта мониторингі жөніндегі жұмыстар.

Жылжымайтын мүлікті қайта түгендеу

саласындағы қызмет

35. Құрылыс салынған жер учаскелерін горизонтальды суретке түсіру:

1) учаскедегі дала жұмыстары;

2) сол учаске бойынша камералық жұмыстар.

36. Құрылыс салынған жер учаскесінде ағымдағы өзгерістерді қағазға түсіру:

1) өзгерістерді анықтау мақсатында жер учаскелерін зерттеу;

2) жер учаскесінің өзгерген сыртқы шекарасын өлшеу;

3) жер учаскесінің өзгерген сыртқы шекарасын камералық өңдеу;

4) жер учаскесіндегі барлық құрылыстар мен ғимараттардың толық бұзылуын анықтау және оны есеп-техникалық құжаттамасында көрсету.

37. Сызу-көшіру жұмыстары.

38. Мыналарды техникалық түгендеу және құжаттау:

1) қосалқы жайлары бар негізгі құрылыстарды;

2) қызметтік құрылыстар мен қора-жайларды;

3) жүріп өту жолдарын;

4) жағалауларды;

5) көпірлер мен өткелдерді;

6) жол асты құбырларын;

7) жас көшеттерді;

8) қалалық электр көліктерінің беріліс құрылғыларын;

9) қалалық электр көліктерін;

10) су құбырлары, жылу, газ және канализация жүйелерін.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом