Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының
Yкіметі арасындағы экономикалық және қаржылық бұзушылықтармен
күрес саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ заңсыз
өткiзiлген валюталық құндылықтарды
қайтару туралы Келісім
(Астана қ., 1999 ж. 22 қазан)
Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 11 шілдедегі № 1054 қаулысынасәйкес бекітілді
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Әзербайжан Республикасының Yкіметі,
мемлекеттік егемендiгiн өзара құрметтеу принциптерiне сүйене отырып, ұлттық заңдардың ережелерiне және өз мемлекеттерiнiң халықаралық мiндеттемелерiн негiзге ала отырып,
тең құқықтық, өзара түсiнiстiк және өзара тиiмдiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып,
экономикалық және қаржылық, бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ, заңсыз өткiзiлген валюталық құндылықтарды қайтаруға байланысты мiндеттердi тиiмдi шешуге өзара мүдделiгiне сүйене отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап. Келісімнiң мақсаты
Экономикалық және қаржылық, заңдарды бұзушылыққа қарсы тиiмдi күрестi ұйымдастыру және Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына заңсыз өткiзiлген валюталық құндылықтарды қайтару мақсатында Тараптардың құзыреттi органдарының ынтымақтастығы осы Келісімнiң мақсаты болып табылады.
Осы Келісім азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы қолданылып жүрген халықаралық келісімдер жөніндегі Тараптардың мiндеттемелерiн қозғамайды.
2-бап. Тараптардың құзыреттi органдары
Осы Келісімнiң, Тараптардың құзыреттi органдары болып табылады:
Қазақстан Республикасының тарапынан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгі, Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлiгі.