Введите номер документа
Прайс-лист

«Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының бірыңғай тәртібі туралы хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1716 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 16 ноября 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 16 ноября 1999
Дата последнего изменениявторник, 16 ноября 1999

Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының бірыңғай тәртібі туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1716 Қаулысы

 

1998 жылғы 24 қарашада Мәскеу қаласында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері басшыларының кеңесінде қабылданған шешімдерді атқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 1999 жылғы 28 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының бірыңғай тәртібі туралы хаттама бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының барлық мүдделі министрліктері мен ведомстволары аталған Хаттаманың ережелерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Интеграциялық комитетке Хаттаманың бекітілгендігі туралы құлақтандыру жолдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом