Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 482-I Заңы

Информация о документе
Датавторник, 16 ноября 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 16 ноября 1999
Дата последнего изменениявторник, 16 ноября 1999

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зейнетақы және
әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 16 қарашадағы № 482-I Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат):

1) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру Қазақстан Республикасының ?кіметi белгiлеген тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.";

2) 13-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.";

3) 63-баптың 2-тармағы "басқа да үстемақылар" деген сөздерден кейiн "(сыйлықақылардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.

2. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат):

1) 1-баптың 4-тармағындағы "және толық мемлекет есебiнен қамтылмаған" деген сөздер алып тасталсын;

2) 11-баптың 3) және 4) тармақшаларындағы "Мемлекеттік тергеу комитетiнiң" деген сөздердiң алдынан "бұрынғы" деген сөзбен толықтырылсын;

3) 13-баптың 3-тармағындағы "Оқитындарға" деген сөз "18 жастан асқан оқитын азаматтар асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша" деген сөздермен және "төленедi" деген сөз "жәрдемақы алуға құқығы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 16-баптың 4-тармағы "Мемлекеттік тергеу комитетi" деген сөздердiң алдынан "бұрынғы" деген сөзбен толықтырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 22, 334-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат):

11-баптың 32-тармағындағы "ең төменгi 35 жалақы" деген cөздер "35 айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын.

4. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат):

1) 4-бапта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;";

3) тармақша мынадай сөздермен толықтырылсын:

"сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль атом электр станциясындағы апат және басқа да радиациялық апаттар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлерде болған авариялар және ядролық сынақтар әсерiне белгiленген тәртiпте байланысты болған азаматтардың отбасылары;";

10) тармақшадағы "отбасылар" деген сөзден кейiн нүктелi-үтiр қойылып, "жатады" деген сөз алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшаларымен толықтырылсын:

"11) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;

12) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар жатады.";

2) 7-баптың 6) тармақшасы "қаза тапқан адамдардың отбасыларына" деген сөздерден кейін, "сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль атом электр станциясындағы апат және басқа да радиациялық апаттар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілерде болған авариялар және ядролық сынақтар әсеріне белгіленген тәртіпте байланысты болған азаматтардың отбасыларына" деген сөздермен толықтырылсын";

3) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

"4) Жәрдемақы алушылардың интернат-үйлерде тұрған кезеңіне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады.".

2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом