Жолаушылар мен жүктердi халықаралық автомобильмен
тасымалдау туралы конвенция
(Бiшкек қ., 1997 ж. 9 қазан)
Келісім 2000 ж. 22 ақпандағы № 38-II ҚР Заңына сәйкес бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын үкiметтер тұлғасындағы осы Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер,
жолаушылар мен жүктердi халықаралық автомобильмен тасымалдау саласында келісілген iс-әрекеттердiң қажеттілiгіне сүйене отырып, төмендегiлерге келiстi:
I тарау
Жалпы ережелер
1-бап
1. Осы Конвенция жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды олардың тiркелген елiне байланыссыз халықаралық қатынастағы автобустармен орындайтын Тараптардың тасымалдаушыларына, сондай-ақ келісім-шартта тасымалдау кемінде екi Тараптың аумақтары бойынша және шығу мекенi немесе бару мекенi Тараптардың бiрiнiң аумағында болғанда жүзеге асырылатындығы тасымалдау келісім-шартында жолаушыларды және олардың жүктерiн автобустармен тасымалдау атап көрсетiлген жағдайда таралады және олар үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Конвенция тасымалдаудың тәртібі мен ережелерiн, тасымалдаушылардың жауапкершiлiгiн, талаптар мен iзденулер ұсынудың тәртібін реттейдi.
3. Конвенцияда қолданылатын терминдердiң мағыналары мынадай:
а) "жолаушы" - тасымалдаушымен өзi немесе оның атынан жасалған тасымалдау келісім-шартын орындау мақсатында ақы үшiн немесе тегiн тасымалданатын жеке тұлға;
ә) "тасымалдаушы" - жолаушыларды және жүктердi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын және мекеннің мемлекеттік заңына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi ретiнде тiркелген заңды немесе жеке тұлға;
б) "автобус" - жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға арналған, жүргiзушiнің орнын санамағанда кемiнде 7 отыру орны бар автомобиль;
в) "билет" - жолаушының автобусты пайдалануға құқығын куәландыратын және тасымалдаушы мен жолаушы арасында келісім-шарт жасалғандығын растайтын құжат;
г) "жүк" - көлiкпен жөнелтуге оралған (қапталған) және жолаушыдан бөлек тасылатын салмақты зат;
д) "жүк түбiртегi" - жүктiң тасымалдауға қабылданғанын растайтын құжат.
II тарау
Тасымалдау шарттары
2-бап