Введите номер документа
Прайс-лист

Базалық лауазымдық жалақының мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қаңтардағы № 123 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 25 января 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 ноября 2011

Базалық лауазымдық жалақының мөлшерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қаңтардағы № 123 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1359 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы» 1997 жылғы 1 сәуiрдегі № 3436 Жарлығының 4-тармағының 1) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап коэффициенттердi қолдана отырып лауазымдық жалақыларды есептеу үшiн базалық лауазымдық жалақының мөлшерi 2000 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі кезеңге 4600 теңге деңгейiнде бекітілсiн.

2. Мыналар:

саяси мемлекеттік қызметкерлердiң, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының, маслихаттардың тұрақты (тексеру) комиссияларының хатшылары мен төрағаларының лауазымдық жалақысы атқаратын лауазымы мен мемлекеттік қызмет (жұмыс) стажына байланысты олардың лауазымдық жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақыларды есептеу үшiн бекітілген тиiстi коэффиценттердi базалық лауазымдық жалақының мөлшерiне көбейту жолымен айқындалады;

әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшілердiң лауазымдық жалақысы атқаратын лауазымын әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымдар санатының топтарына жатқызуға және мемлекеттік қызмет стажына байланысты олардың лауазымдық жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақыларды есептеу үшін бекітілген тиiстi коэффициенттердi базалық лауазымдық жалақының мөлшерiне көбейту жолымен айқындалады деп белгiленсiн.

3. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом