Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 157 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 157 Қаулысы (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін
оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережені бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
3 ақпандағы № 157 Қаулысы


ҚР Үкіметінің 2003 ж. 19 ақпандағы № 173 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды




"Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ереже бекітілсін.

2. "Оқулықтарды жалпы білім беретін мектептерге бөлшек сатуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1338 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
 
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Үкіметінің 2000 жылғы
                                             3 ақпандағы
                                          № 157 қаулысымен
                                             бекітілген
 
          Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен
     тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі
                      туралы ереже
 
     1. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін
оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы осы ереже "Білім туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 30 және 36-бабына сәйкес қабылданды.
     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.11. № 489
              қаулысымен.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету, әдетте, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттың шегінде қор жасау циклы бойынша жыл сайын толықтырылып отыратын, олардың кітапханалары арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарын білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері өздерінің оқуы кезінде тегін пайдаланды.

4. Білім беру ұйымдарының кітапханалары қорының оқулықтарымен бірінші кезекте жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасыларының балалары қамтамасыз етіледі.

5. Мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының оқулықтарын сақтау, есепке алу, беру, қайтару және есептен шығару тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілейді.

6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері оқулықтарды бөлшек сауда желісі арқылы өздері сатып алуға құқылы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері кітап шығаратын баспалар мен оқулықтарды таратушыларды жыл сайын республиканың білім беру ұйымдарының оқулықтарға деген сұраныстары жөніндегі қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп отыруға міндетті.

     Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.11. № 489
              қаулысымен.

7. Орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін даналар саны, атаулары, оқыту сыныптары мен тілдері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуге кезекті қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қалыптастырады.

Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қалыптастыратын мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, республикалық жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларын және шетелдердегі оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

     Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.04.11. № 489
              қаулысымен.

7-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік тапсырыс бойынша тек қана Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі пайдалануға рұқсат еткен оқулықтар саны мен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді.

     Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметініңі 2001.04.11.
              № 489 қаулысымен.
 

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!