Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі № 952 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 желтоқсан № 2029 (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 30 декабря 1999
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі
№ 952 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы
30 желтоқсан № 2029

Қазақстан Республикасының 2002 ж. 25 мамырдағы № 569 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Заңды тұлға - салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегіне байланысты салық қызметі органдары билік етуді шектеген мүлікті сату жөнінде мамандандырылған ашық аукцион өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі № 952 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 24, 272-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) тақырыбындағы, екінші абзацындағы "салық" деген сөзден кейін " ,сондай-ақ алым" деген сөздермен толықтырылсын;

2) кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 заң күші бар Жарлығын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлға - салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегіне байланысты салық қызметі органдары билік етуді шектеген мүлікті сату жөнінде мамандандырылған ашық аукцион өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережеде:

тақырыбындағы "салық" деген сөзден кейін ", сондай-ақ алым" деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақта:

"билік етуі шектелген" деген сөздер "салық қызметі органдары билік етуді шектеген деген сөздермен ауыстырылсын;

"салық" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ алым" деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақтағы "мүлік иесінің" деген сөздер "меншік иесінің (шаруашылықты жүргізу құқығына ие кәсіпорын)" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы "жеткізу мен" деген сөздер "жеткізу және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

"8-1. Салық төлеушілердің - заңды тұлғалардың республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал етуі мүмкін, салық қызметі органдары билік етуді шектеген мүліктерін сату кезінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке шешімдерімен мамандандырылған ашық аукцион өткізудің ерекше тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.";

10-тармақтың оныншы абзацындағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын;

12-тармақтағы "сатылған мүлік құнының" деген сөздер "сатудан алынған қаражаттың" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом