Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейі» мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 ақпандағы № 275 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датавторник, 22 февраля 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 22 февраля 2000
Дата последнего изменениявторник, 22 февраля 2000

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейі" мемлекеттік мекемесін құру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 ақпандағы № 275
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Астана қаласының мәдениет объектілерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Музей) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:

1) Музейдің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) 2000 жылы экспозицияларды көркем ресімдеу және музей кешенін экспонаттармен, кітап қорымен, жабдықпен, музыкалық аспаптармен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырсын;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері үш ай мерзімде уәкілетті органның ұсыныстары бойынша Музейдің экспозициялары мен қорларын бірегей музейлік заттармен, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен, бағалы кітаптармен және қолжазбалармен қалыптастыруда қажетті көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.

4. Музейді қаржыландыру республикалық бюджетте 41 "Республикалық деңгейде тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен 5-тармақтың күші жойылды

5. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

"24-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейі".

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом