Введите номер документа
Прайс-лист

«Жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және қауіпті өндірістердің, кәсіптер мен жұмыстардың тізімін» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2000 жылғы 11 наурыздағы № 71-ө бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 11 марта 2000
Статус
Утратил силу

"Жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін қолдануға тыйым салынатын
еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және қауіпті өндірістердің, кәсіптер мен
жұмыстардың тізімін" бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2000 жылғы 11 наурыздағы № 71-ө
бұйрығы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 15 ақпандағы № 45-ө бұйрығына сәйкес күші жойылды

"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының экономика саласындағы еңбек жағдайлары мен еңбек қорғауды жақсарту жөніндегі 1997-2000 жылдарға арналған басты бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 89 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеге сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттігiмен келісілген "Жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегiн қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және қауiптi өндiрiстердiң, кәсіптер мен жұмыстардың тiзiмi" бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгізілсiн.

2. Тiзiмде көзделген еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және қауіптi өндiрiстерде, кәсiптер мен жұмыстарда жасы он сегiзге толмаған адамдардың еңбегiн қолдануға экономика саласының осындай өндiрiстер, кәсіптер мен жұмыстар бар ұйымдарына қарамастан тыйым салынатыны белгіленсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының (департаменттердің) басшылары осы Бұйрықты ұйымдарға жеткізудi және оның жер-жерлерде орындалуын бақылауды ұйымдастырсын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом