Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 шілдедегі № 1037 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.05.03. № 214 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасуббота, 8 июля 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 8 июля 2000
Дата последнего изменениясуббота, 8 июля 2000

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің
мемлекеттік мекемелерін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 шілдедегі № 1037 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.05.03. № 214 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою, республиканың тұрғындары мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерiнiң табиғи зiлзалалардан, авариялардан және апаттардан қорғалуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Мынадай мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - Мекемелер):

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң Шығыс аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң Солтүстiк аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң Оңтүстiк аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2001 жылдан бастап жыл сайын республикалық бюджеттiң жобасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне Мекемелердi ұстауға қаржы бөлудi көздесiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп Мекемелердi орналастыру үшiн қажеттi үй-жайлар мен жер учаскелерiн бөлудi қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн, олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) бiр апталық мерзiмде Мекемелердi ұстауға және жарақтандыруға арналған шығыстардың сметасын дайындасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2005.05.03. № 214 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 2-тармақтан және 4-тармақтың 2-тармақшасынан басқалары, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

Қ. Тоқаев






























 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!