Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережелер (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 10 июля 2000
Статус
Утратил силу

1-қосымша

Қазақстан республикасы

Білім және ғылым министрлігінiң

10.07.00 ж. № 708 бұйрығымен

Бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2005.10.03. № № 145 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарының
қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережелер
I. Жалпы ережелер

1. Осы Ережелер меншiк нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс тәртібін анықтайды.

2. Мектепке дейiнгi ұйымдардың негiзгi мiндеттерi:

1) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын тәрбиеленушiлердiң меңгеру үшiн жағдайлар жасау;

2) тәрбиеленушiлердiң интеллектуалды және жеке басының дамуын қамтамасыз ету;

3) тәрбиеленушiлердiң психикалық және дене-тұлғалық денсаулығын қорғау және нығайту;

4) бес-алты жастағы тәрбиеленушiлердiң мектеп алды даярлығын қамтамасыз ету;

5) тәрбиеленушiлердiң отбасымен қарым-қатынаста болу;

6) мектепке дейiнгi жастағы балаларды үйiнде тәрбиелейтiн отбасыларына әдiстемелiк, диагностикалық және консультациялық көмек көрсетудi ұйымдастырады.

3. Мектепке дейiнгi ұйымдар өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілеріне, басқа нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

4. Мектепке дейiнгi ұйымдардың өзара айырмашылықтары:

1) тәрбиеленушiлердiң жас құрамы бойынша: бөбекжайлар, балалар бақшасы, бөбекжай-бақша;

2) қызмет ету бағыты бойынша:

жалпы дамытушы: бөбекжай-бақша, жалпы үлгiдегi балалар бақшасы, тәрбиеленушiлердiң дамуының бір немесе бірнеше бағытын басымдықпен жүзеге асыратын мектепке дейiнгi оқу-тәрбие орталығы (дене-тұлғалық, интеллектуалдық, эстетикалық және басқа дамуын қамтамасыз етедi), тағы басқалар;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами