Введите номер документа
Прайс-лист

«Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласы әкімінің коммуналдық меншігіне беру туралы Қазақстан Республасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 тамыздағы № 1309 қаулысы

Информация о документе
Датасуббота, 26 августа 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 26 августа 2000
Дата последнего изменениясуббота, 26 августа 2000

"Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласы әкімінің коммуналдық
меншігіне беру туралы Қазақстан Республасы Үкіметінің 2000 жылғы 26
тамыздағы № 1309 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - Спорт сарайы) Алматы қаласы әкімінің коммуналдық меншiгiне беру туралы Алматы қаласы әкімінің ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп Спорт сарайын Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес республикалық меншiктен, Алматы қаласы әкімінiң коммуналдық меншiгiне берудi қамтамасыз етсiн.

3. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртiппен коммуналдық меншiкке берiлетiн Спорт сарайын қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн.

4. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесіндегі, реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом