Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 1523 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1111 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датачетверг, 12 октября 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 12 октября 2000
Дата последнего изменениячетверг, 12 октября 2000

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы
орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 қазандағы № 1523
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1111
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды несиелендiру жөніндегі банк операцияларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Қаржы орталығы) құрылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

1) Қаржы орталығының жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қаржы орталығын 2000 жылы қаржыландыру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте 9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2001 жылдан бастап Қаржы орталығын ұстауға арналған шығыстарды республикалық бюджеттiң тиiстi бағдарламасы бойынша көздесiн.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1872 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 530-құжат):

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

IV "Шығыстар" бөлiмiнде:

4 "Білім беру" функцияналдық тобында:

6 "Жоғары білім" кіші функциясында:

"225 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік әкiмшiсiнде:

9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасында:

мынадай мазмұндағы 38-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:

"38 Қаржы орталығы 2064";

97 "Банк-агентке несиелендiру процесiне қызмет көрсеткенi үшiн комиссиялық сыйақы (мүдде) төлеу" кiшi бағдарламасындағы "2200" деген сан "136" деген санмен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:

IV "Шығыстар" бөлiмiнде:

4 "Білім беру" функцияналдық тобында:

6 "Жоғары білiм" кiшi функциясында:

"225 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік әкiмшiсiнде:

9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасында:

мынадай мазмұндағы 38-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:

"38 Қаржы орталығы Ұстау";

3) ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі






















Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом