Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагері» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қарашадағы № 1679 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 7 ноября 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 7 ноября 2000
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагері» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 7 қарашадағы № 1679 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Балалардың, жасөспiрiмдердiң демалуын, сауықтырылуын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагерi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсiпорын жөнiнде мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi мiндеттерiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi:

1) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауықтырылуын, демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асыру;

2) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуы, демалуы кезiнде білім беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн қажеттi жағдайлар жасау;

3) балалардың халықаралық және республикалық мәдени-көпшiлiк, ғылыми-практикалық iс-шараларын өткізу болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі «Астана» санаторий-профилакторийiнiң (Шортанды көлi) мүлiктiк кешенiн заңнамада белгiленген тәртiппен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны теңгерiмiнен Кәсiпорын теңгерiмiне берудi қамтамасыз етсiн.

5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

1) Кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) тегiн сауықтырылуға құқығы бар тұлғалар санатын, сондай-ақ Кәсiпорынның оларды күтуге кеткен шығынын толтыру тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесiп белгiлесiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом