Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасында омыртқасыз су жәндіктерінің кейбір түрлерін пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қарашадағы № 1712 қаулысы (ҚР Үкіметінің 10.04.02 ж. № 408 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датавторник, 14 ноября 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 14 ноября 2000
Дата последнего изменениявторник, 14 ноября 2000

Қазақстан Республикасында омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбір
түрлерiн пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2000 жылғы 14 қарашадағы № 1712 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.04.02 ж. № 408 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)


Омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбір түрлерiн тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі салина артемиясы және гаммарус омыртқасыз су жәндiктерi мекендейтiн жер болып табылатын, оларды пайдалануға рұқсат етiлетiн су айдындарының тiзбесiн заңнамада белгiленген тәртiппен анықтасын.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі салина артемиясы мен гаммарусты, сондай-ақ олардың туындыларын Қазақстан Республикасынан тысқары заңсыз әкетудi болдырмау жөнiнде шаралар қабылдасын.

3. Заңсыз өндiру және Қазақстан Республикасынан тысқары әкету кезiнде алынған салина артемиясы мен гаммарус, сондай-ақ олардың туындылары заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік кәсiпорнына беруге жатады деп белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 10.04.02 ж. № 408 қаулысымен 4-тармақ күшін жойылды

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі






























Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом