Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР Президентінің 20.02.02 ж. № 811 Жарлығымен енгізілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 13 декабря 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 13 декабря 2000
Дата последнего изменениясреда, 13 декабря 2000

Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын
қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР Президентінің
20.02.02 ж. № 811 Жарлығымен енгізілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі болып;

2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, индустрия және сауда саласындағы өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне беріліп, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі болып;

3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, геология және жер қойнауын қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне беріліп, қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі, функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, ал жер қойнауын пайдалану саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне беріліп, таратылсын;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі, функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беріле отырып;

3) Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі, функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне беріліп, таратылсын.

ҚР Президентінің 20.02.02 ж. № 811 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мыналарды:

Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттікті;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом