Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 145-II Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датапятница, 19 января 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 19 января 2001
Дата последнего измененияпятница, 19 января 2001

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік төлемдер
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2001 жылғы 19
қаңтардағы № 145-II Қазақстан Республикасының Заңы


1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсiн:

1. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 10, 242-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 17-18, 220-құжат; № 22, 334-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат):

22-бапта:

1) бiрiнші бөліктегі "еңбек ақының ең аз мөлшерiнің" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "еңбек ақының кемінде 100 ең аз мөлшерлерiнде" деген сөздер "100 айлық есептік көрсеткiш есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) үшінші бөлiктегi "жалақының ең аз мөлшерiнің" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат):

1) 1-бапта:

3) тармақшадағы "және жәрдемақы тағайындауды жүзеге асыратын" деген сөздер алып тасталсын;

2) 5-бапта:

2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "орталық атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың екiншi бөлiгi, 3, 4-тармақтар, 5-тармақтың екiншi бөлiгi және 6-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

"7. Жәрдемақы тағайындау тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.";

3) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жәрдемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.";

4) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды.".

3. "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру мәселелерi бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 247-құжат):

1-баптың 7-тармағының 1) тармақшасындағы "2001" деген цифр "2003" деген цифрмен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.


Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев






 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом