Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53; 2005.05.03. № 214 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датасуббота, 13 января 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 13 января 2001
Дата последнего изменениясуббота, 13 января 2001

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінің
Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53; 2005.05.03. № 214 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Авариялық-құтқару күштерi мен құралдарын басқару жүйелерiн жетілдiру, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу қызметiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi болып мыналар айқындалсын:

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу;

тұрақты дайындық күштерiн орнықты және үздiксiз басқаруды және оларды төтенше жағдайларды жоюға арналған құралдармен қамтамасыз ету.

3. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне тиiстi қаржылық жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:

Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2005.05.03. № 214 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

6. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Қ. Тоқаев

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом