Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қолданысқа енгізу туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 156-II Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датавторник, 30 января 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 30 января 2001
Дата последнего изменениявторник, 30 января 2001

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қолданысқа енгізу туралы
2001 жылғы
30 қаңтардағы № 156-II Қазақстан Республикасының Заңы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАР ЖИНАҒЫНЫҢ IV ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы ҚАРА

 

1-бап. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақ ССР Жоғарғы Советі 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ ССР-інің Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексі (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., № 14 (қосымша); № 41, 534-құжат; 1985 ж., № 19, 190, 191-құжаттар; № 32, 325-құжат; № 45, 457-құжат; № 49, 513-құжат; 1986 ж., № 13, 122-құжат; № 25, 242-құжат; № 31, 320-құжат; № 49, 506-құжат; 1987 ж., № 2, 19-құжат; № 16, 201-құжат; № 29, 356-құжат; № 32, 421-құжат; № 41, 503-құжат; № 46, 560-құжат; 1988 ж., № 35, 324-құжат; 1989 ж., № 16, 129-құжат; № 27, 208-құжат; № 45, 364-құжат; № 49, 444-құжат; № 50-51, 458-құжат; 1990 ж., № 12-13, 114-құжат; № 44, 410-құжат; № 48, 445-құжат; № 49, 461-құжат; 1991 ж., № 25, 318-құжат; № 26, 348-құжат; № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1992 ж., № 4, 96, 98, 100-құжаттар; № 13-14, 323-құжат; № 15, 380-құжат; № 16, 400-құжат; 1993 ж., № 3, 42-құжат; № 4, 70-құжат; № 8, 159, 161-құжаттар; № 9, 220, 222-құжаттар; № 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., № 4-5, 60-құжат; № 8, 134-құжат; № 15, 207-құжат; № 21-22, 272-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 55-құжат; № 9-10, 64-құжат; № 15-16, 105-құжат; № 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 177-құжат; № 14, 274, 277-құжаттар; № 15, 281-құжат; 1997 ж., № 6, 66-құжат; № 11, 146, 152-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 208-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 13, 194-құжат; № 14, 201-құжат; № 22, 310-құжат; 1999 ж., № 15, 595-құжат; № 20, 721, 727-құжаттар; № 23, 916, 931-құжаттар; 2000 ж., № 6, 141-құжат);

2) Қазақ ССР Жоғарғы Советінің "Қазақ ССР-інің Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексін күшіне енгізу туралы" 1984 жылғы 22 наурыздағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., № 14, 196-құжат);

3) Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының "Қазақ ССР-інің Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексін күшіне енгізу тәртібі туралы" 1984 жылғы 28 қыркүйектегі Указы (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., № 41, 535-құжат).

2-бап. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қаралмай қалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді осы Кодексте белгіленген ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, олар қайда қаралып жатса, сол орган (лауазымды адам) қарайды.

3-бап. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап әкімшілік жауаптылық белгілейтін өзге де заң актілерінің нормалары қолданылмауға тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын заң актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілер осы Кодекстің талаптарына сай келтірілуге тиіс.

 

                                                                                                                                 Қазақстан Республикасының

                                                                                                                                                 Президенті

                                                                                                                                            Н. Назарбаев

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом