Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 наурыздағы № 341 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавоскресенье, 11 марта 2001
Статус
Утратил силу
утратил силу с 24 августа 2006

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1278 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 11 наурыздағы № 341 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 778 Қаулысымен күші жойылды

 

Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу саласын реттейтін нормативтік құқықтық негізді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 427-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібінде:

13-тармақтың 1-1) тармақшасы:

мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:

"Нормативтік құқықтық акт республикалық бюджет кірістерінің қысқартылуын немесе шығыстарының ұлғайтылуын көздейтін жағдайда ол Қаржы министрлігімен келісуге жатады.

Нормативтік құқықтық актілерді келісу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауға тиіс және нормативтік құқықтық акті тиісті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап есептеледі.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом