Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 мамырдағы
№ 241 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы
7 ақпандағы № 57 бұйрығы
ҚР Қаржы министрлігінің 2004.14.12 ж. № 447 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың және жабудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 мамырдағы № 241 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың және жабудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
2-тармақта:
4) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Депозиттік шот - мемлекеттік мекеменің жұмсау құқығынсыз, мемлекеттік мекеменің уақытша иелік етуіне түсетін және белгілі бір шарттар туындаған кезде мемлекеттік бюджетке есептеуге немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгізушілерге қайтарылуға жататын қаражаттарды есептеу үшін мемлекеттік мекемелерге, сондай-ақ борышкерден ақшаны есепке алу үшін, оларды несие берушіге беру үшін, өзінің пайдасына жарна жасалған тұлғаның жазбаша келісімі немесе сот шешімі бойынша оларды депозитке салған тұлғаға ақшаны қайтару үшін және белгіленген сақтау мерзімі өткеннен кейін талап етілмеген ақшаны сот шешімі бойынша республикалық бюджетке есептеу үшін борышкерлерден ақшалай сомаларды мемлекеттік нотариустардың қабылдауы үшін аумақтық (облыстық, қалалық, аудандық) әділет органдарына, сондай-ақ атқарушы құжаттарды төлеу мақсатында сот орындаушыларының борышкерден, үшінші тұлғалардан, борышкерлердің тиым салынған мүліктерін сатудан түсетін ақшалай сомаларды есептеу үшін және оларды өндіріп алушыларға беру үшін Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы сот әкімшілігін жүргізу жөніндегі Комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімшілеріне ашылатын шот.";
мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын: