Введите номер документа
Прайс-лист

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 сәуірдегі № 563 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 26 апреля 2001
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 мая 2006

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын қайта
ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 26 сәуірдегі № 563 қаулысы

 

ҚР 2003 ж. 27 ақпандағы № 212 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығына сәйкес және мемлекеттік органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін бірыңғай ақпараттық инфрақұрылымға біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамы оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі реттік нөмірі 25-2-жол алынып тасталсын;

2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы № 207 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 59-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

"Республикалық                     Қаржы жүйелерін

мемлекеттік                        ақпараттандыру орталығы

кәсіпорын (ҚЖАО)" деген жол алынып тасталсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де іс-шараларды жүзеге асырсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом