Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының өтініші бойынша ҚазақстанРеспубликасы
Қылмыстық кодексінің 59-бабының конституциялылығынтексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001 жылғы 11 мамыр № 5/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов және В.Д.Шопин қатысқан, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі сот алқасының төрайымы Р.Н.Юрченконың;
Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрi А.Н.Котловтың;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлiм бастығы К.Н.Кьюкованың қатысуымен өткен ашық отырысында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 59-бабының конституциялылығын тексеру жөніндегі өтiнiшiн қарады.
Ұсынылған материалдарды зерделеп шығып, баяндамашы - Кеңес мүшесi Ж.Д.Бұсырмановты, отырысқа қатысушылардың және сарапшы - Қаржы полициясы академиясының проректоры, заң ғылымының кандидаты Г.К.Рахымжанованың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2001 жылғы 11 сәуiрде Орал қаласы сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң (бұдан әрi - ҚК) 59-бабын конституциялық емес деп тану жөніндегі өтiнiшi келiп түстi.