Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісі көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеудің Тәртібі (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 15.02.01 ж. № 51 бұйрығымен бекітілген) (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 12.10.01 ж. № 355 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 15 февраля 2001
Статус
Утратил силу

Келісілді

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кіріс министрлігі

Мемлекеттік кіріс министрі

Кеден комитетінің

2001 жылғы 15 ақпандағы

2001 жылғы 15 ақпанда

№ 51 бұйрығымен

бекітілді

ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісі
көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін
тауарларды кедендік ресімдеудің
Тәртібі
(ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден
комитеті төрағасының 12.10.01 ж. № 355 бұйрығымен

енгізілген өзгерістерімен)

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы құбыр желісі көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша өткізілетін тауарларды кедендiк ресiмдеудiң осы Тәртібі (бұдан әрi - Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы арналы мұнай желісімен, мұнай өнiмдерi желісімен және газ желісімен (бұдан әрi - құбыр желісі көлiгi) және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртібін белгiлейдi.

Осы Ереженiң күшi сондай-ақ тауарларды араласқан әртүрлi көлiк түрлерiмен, солардың бiрi болып табылатын құбыр желісі көлiгiмен тасымалдауға қолданылады.

2. Түтiк желісі көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарларды кеден ресiмдеу Кеден iсi туралы заңмен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiмен, сондай-ақ осы Ережеде көзделген тәртiптегi олардың кеден режимдерiне сәйкес жүргiзiледi.

3. Тауарларды кедендiк ресiмдеу тауарлар тұрған орын бойынша кеден органы қызметiнiң аймағында осы үшiн белгiленген орындарда жүргiзiледi. Тауарды тасымалдаушы тұлға кеден органына кедендiк және валюталық бақылауды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi тапсырады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) кейбір тауар түрлерiн өткізудiң, бақылау орнының және кедендiк ресiмдеудiң нақты пунктерiн айқындай алады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом