Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту
туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесіне
өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесіне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн, Ереженiң өзгерістерi мен толықтырулары және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;