Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 және 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулыларына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 маусым № 861

Информация о документе
Датапонедельник, 25 июня 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 25 июня 2001
Дата последнего измененияпонедельник, 25 июня 2001

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405
және 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулыларына толықтыру
мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2001 жылғы 25 маусым № 861

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 495-8-жолмен толықтырылсын:

     "495-8 ШҚО - 000341 "Семейавиа" ААҚ";

көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы реттік нөмірі 162-жол алынып тасталсын;

2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

"Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігіне" деген бөлімдегі реттік нөмірі 149-жол алынып тасталсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының әкіміне заңнамада белгіленген тәртіппен "Семейавиа" ашық акционерлік қоғамының аэродромын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелерімен бірлесіп пайдалануды қамтамасыз ету ұсынылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
 
 
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом