Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 шілдедегі № 990 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 23 июля 2001
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N
1754 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 23 шілдедегі № 990 қаулысы

ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды

"Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 504-құжат) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

11-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

"13-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қояды;";

12-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

"9-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға;".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом