Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы № 991 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 шілде № 992 (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 23 июля 2001
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы N
991 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 шілде № 992

Қазақстан Республикасының 2002 ж. № 579 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін есепке алудың автоматтандырылған бірыңғай деректер банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы № 991 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 327-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін құру туралы";

2) кіріспедегі және 1-тармақтағы "салық төлеушілерін есепке алудың автоматтандырылған бірыңғай деректер банкін" деген сөздер "салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 2-тармақтағы "салық төлеушілерді есепке алудың автоматтандырылған бірыңғай деректер банкін" деген сөздер "салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 2001 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде мынадай мемлекеттік органдармен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен;

2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен;

3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен;

4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен;

5) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен;

6) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен;

7) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен;

8) Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігімен;

9) Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігімен;

10) Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу үшін ақпарат алмасудың хаттама-регламенттерін әзірлесін және бекітсін.

Хаттама-регламенттер жоғарыда аталған Ереженің 2-тармағында көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 2001 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде бекітілсін.".

5) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған деректер банкін жүргізу ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі";

1-тармақтағы "салық төлеушілерін есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған деректер банкін" деген сөздер "салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом