Статистикалық есептерді беру мерзімдері және қол қою тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2001 жылғы 14 мамырдағы № 71 бұйрығы
(2009.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Бас прокурорының 2014 жылғы 14 қазандағы № 116 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Бас Прокурорының 2009.04.08. № 41 бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне, Қауiпсiздiк Кеңесiне және басқа пайдаланушыларға статистикалық есептердi бiрыңғай мерзiмiнде беру және статистикалық есептерге қол қою тәртібін белгiлеу мақсатында, «Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Құқықтық статистика субъектiлерiмен келiсу бойынша, статистикалық есептердi беру мерзiмдерi және қол қою тәртібі туралы кестеге сәйкес статистикалық есептердi бiрыңғай мерзiмiнде беру және қол қою тәртібін белгiлеу (қосымша № 1).
2. Есептi беру уақыты, оның құқықтық статистика органдарына түскен уақыты болып есептеледi.
3. «Статистикалық есептердi беру мерзiмдерi туралы» № 45 17 маусым 1999 жылғы Бас прокурорының бұйрығы күшiн жойды деп саналсын және бар статистикалық есеп нысандарын осы бұйрыққа сәйкес келтіру.
4. Бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Г.В. Кимге жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры 3-дәрежелі
| мемлекеттік заң кеңесшісі | | | | | Р. Түсіпбеков |
ҚР Бас прокурорының 23.03.04 ж. № 17 бұйрығымен (бұр. ред. қара); ҚР Бас Прокурорының 2009.04.08. № 41 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
«Статистикалық есептердің
ұсынылу мерзімдері және
оларға қол қою тәртібі туралы»
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2001 жылғы 14 мамырдағы
№ 71 бұйрығына қосымша
Статистикалық есептерді ұсынудың және оларға қол қою тәртібінің кестесі