Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметтік ақпарат бөлімінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысына түсініктемесі

Информация о документе
Датавторник, 13 апреля 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 13 апреля 2004

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесі туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметтік ақпарат бөлімінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010
қаулысына түсініктемесі

Мемлекет басшысының "Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық" атты Қазақстан халқына осы жылғы Жолдауында Үкіметтің алдына еліміз азаматтарының шет елге шығу тәртібін оңайлату міндеті қойылған болатын.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы азаматтарының еркін қозғалысы құқықтарын іске асыру мақсатында Үкіметтің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысымен қазақстандық азаматтардың шетке шығу ережесі бекітілді. Жаңа ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары шет елге қызметтік арналар, жеке өзінің мәселелері бойынша, оқуға, емделуге, демалуға, сондай-ақ турист ретінде шығуы кезінде ішкі істер органдарының арнайы рұқсаты талап етілмейді.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрақты тұруы үшін шет елге шығуына ішкі істер органдарының рұқсат беру жөніндегі қазіргі тәртіпті сақтау көзделген, мұның өзі жалпыға ортақ халықаралық қалыптарға сай келеді. Сондай-ақ ереже мемлекеттік құпияларға қол жетімділігіне байланысты өзіне белгілі бір міндеттемелер алған Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елге шығу шарттарын реттейді.

Азаматтардың елімізден басқа жаққа шығу мәселелерін реттейтін Үкіметтің бұрынғы қаулылары күшін жойды деп танылып отыр.

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом