Введите номер документа
Прайс-лист

Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарда дивидендтерді есептеу мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қазан № 1367 (күші жойылды)

Информация о документе
Датавоскресенье, 28 октября 2001
Статус
Утратил силу

Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының
жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік
қоғамдарда дивидендтерді есептеу мәселелері туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қазан N
1367

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 24 cәуірдегі № 404 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды

Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарды одан әрі дамытуды ынталандыру, олардың бәсекелестік қабілетін арттыру, материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарға қоғамның таза кірісінің 10 пайызын 2000-2003 жылдар кезеңіне дивидендтер төлеуге бағыттауға рұқсат етілсін.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:

1) мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдардың иелігінде қалатын таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамыту мен жетілдіруге бағыттауды қамтамасыз етсін;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
     Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом