Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1619 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 11 декабря 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 11 декабря 2001
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1619 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Оқу орындарының оқу-материалдық базасын сақтау, олардың педагогикалық құрамын нығайту, оқу-тәрбиелік және әдістемелік жұмыстардың сапасы мен тиімділігін арттыру, білім беру процесінің үздіксіз қағидатын іске асыру және мәдениет пен өнер саласында барынша сапалы, жаңа деңгейде жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» мемлекеттік мекемесі оған «Республикалық көркемсурет колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қайта ұйымдастырылған мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі


















































Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом