Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Министрінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының Iшкi iстер министрлігі тергеу изоляторларының iшкi тәртiп ережелерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 769 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 810 бұйрығымен күші жойылды
Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзет қамауында ұстау мәселелерiн реттеу мақсатында бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі тергеу изоляторларының iшкi тәртiп ережелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Министрінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 630 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
осы бұйрықпен бекітілген Ережелерде:
1) «күзет қамауына алынған адамдар» деген сөздер Ережелердiң барлық мәтiнi бойынша «сезiктiлер мен айыпталушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-тармақтың бесiншi абзацындағы екiншi сөйлемде «сотталғандарды ұстау тәртібі» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiмен және» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-тармақтағы:
«Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы» деген сөздер «Күзет қамауында ұстау орындары департаментiнiң бастығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қылмыстық-атқару жүйесi басқармасының (бөлiмiнiң)»деген сөздер «Күзет қамауында ұстау орындары басқармасының, бөлiмiнiң, бөлiмшелерiнiң, топтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 21-тармақтың үшiншi сөйлемiнде «санитарлық тазарудан өткеннен» деген сөздерден кейiн «және медициналық куәландыру нәтижелерiн алғаннан» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 28-тармақтың бiрiншi сөйлемiндегi «камераларда ұсталады» деген сөздерден кейiн»(16-қосымша)»деген сөздермен толықтырылсын;
6) 140, 142, 143-тармақтарындағы «Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінiң» деген сөздер «азаматтардың денсаулығын сақтау саласында жетекшiлiк ететiн уәкiлеттi орталық атқарушы органның» деген сөздермен ауыстырылсын;