Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 405 және 2001 жылғы 19 қарашадағы № 1491 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 23 қаңтардағы № 87 қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 23 января 2002
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 23 января 2002

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 405 және
2001 жылғы 19 қарашадағы № 1491 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 23 қаңтардағы № 87 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 12, 135-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесінде:

1-тармақтағы "1 000 000 000" (бір миллиард)" деген сөздер "1 188 700 000 (бір миллиард бір жүз сексен сегіз миллион жеті жүз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) "Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қарашадағы № 1491 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесінде:

1-тармақтағы "1 000 000 000 (бір миллиард)" деген сөздер "1 188 700 000 (бір миллиард бір жүз сексен сегіз миллион жеті жүз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Тоқаев Қ.

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом