Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 15 наурыздағы № 313 қаулысы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 15 наурыздағы № 313 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Атамқұлов Ерлан Дүмшебайұлы - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының президенті".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.