Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік баж мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы 2002 жылғы 21 наурыздағы № 310-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датачетверг, 21 марта 2002
Статус
Действующийвведен в действие с 21 марта 2002
Дата последнего изменениячетверг, 21 марта 2002

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік
баж мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
2002 жылғы 21 наурыздағы № 310-ІІ Қазақстан Республикасының
Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 169-құжат; № 15-16, 224-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 1, 2-құжат):

мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:

"5-2-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 498-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.".

2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат):

498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.

2-бап.

1. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

Н. Назарбаев

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом