Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 31 мамырдағы № 604 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 31 мая 2002
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 31 мамырдағы № 604 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 16, 131-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 73-2, 108-1, 108-2, 108-3, 108-4, 108-5, 110-1, 112-1, 204-1, 212-7, 234-2, 234-3-жолдармен толықтырылсын:

"73-2  Азаматтық авиация үшін мөлшері
       бойынша кесілген пішінді профильдер            4008 29 100,
108-1  Азаматтық авиация үшін тарту күші
       44 кН-нан астам, бірақ 132 кН-нан
       аспайтын турбореактивтік
       қозғалтқыштар                                  8411 12 130,
108-2  Азаматтық авиация үшін қуаты
       5000 кВт-тан аспайтын өзге газ
       турбиналары                                    8411 81 100,
108-3  Азаматтық авиация үшін турбореактивтік
       және турбовинттік қозғалтқыштардың
       бөлшектері                                     8411 91 100,
108-4  Азаматтық авиация үшін күш
       қондырғылары және желілік әрекеттегі
       гидравликалық қозғалтқыштар
       (цилиндрлер)                                   8412 21 100,
108-5  Азаматтық авиация үшін қозғалтқыштар
       мен күш қондырғыларының бөлшектері             8412 90 100,
110-1  Азаматтық авиация үшін вакуумдық
       сорғылар                                       8414 10 100,
112-1  Азаматтық авиация үшін желдеткіштер            8414 59 100,
204-1  Азаматтық авиация үшін біліктермен
       жиналған тісті берілістер мен тісті
       доңғалақтар                                    8483 40 100,
212-7  Азаматтық авиация үшін статистикалық
       түрлендіргіштер                                8504 40 100,
234-2  Азаматтық авиация үшін шассилер және
       олардың бөлшектері                             8803 20 100,
234-3  Азаматтық авиация үшін ұшақтардың
       басқа бөлшектері                               8803 30 100".

2. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағанбетов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами