"Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды
әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2003 жылғы 1
қаңтарға дейін тоқтатылған баптарының қолданылуын қайта жалғастыру
мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру
туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2002 ж. 7 маусымдағы № 70-ө өкімі
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадғы № 1176 қаулысымен осы өкімнің күші жойылды
"Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған баптарының қолданылуын қайта жалғастыру мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі, жетекші;
Жұмыс тобының мүшелері:
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы - Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Әлеуметтік
қамсыздандыру және әлеуметтік
көмек департаментінің директоры;
Әбжанов Сәкен Қайырұлы - Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда министрлігі
тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің
бас маманы;
Жаңабаев Дүйсебай Жаңабайұлы - Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
терапевт қызметі бөлімінің бастығы;
Ерғалиева Гүлзәуре Ботақанқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Әлеуметтік
қамсыздандыру және әлеуметтік
көмек департаментінің бас маманы;
Жақсылықова Нүрия Хабиболлақызы - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
органдары қаржыландыру
департаменті халықты әлеуметтік
қорғау бөлімінің бастығы;
Ыбыраев Алмас Серікұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи
ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің Экономикалық
саясат департаменті құқықтық
сараптама бөлімінің бас маманы;
Қараманов Ұзақбай - Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің депутаты
(келісім бойынша);
Тілеубекова - Қазақстан Республикасының
Бақытгүл Төлеуханқызы Денсаулық сақтау министрлігі
санитарлық-гигиеналық қадағалау
бөлімінің бастығы.
2. Жұмыс тобы "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған баптарының қолданылуын қайта жалғастыру мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлесін және 2002 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
| Премьер-Министр | | | | | И.Тасмағанбетов |