Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 13 қарашадағы № 1162 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 3 шілдедегі № 716 қаулысы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 13 қарашадағы № 1162 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 3 шілдедегі № 716 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Отандық тауар өндiрушілердi қолдау жөніндегі шараларды iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 13 қарашадағы № 1162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 379-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Отандық тауар өндiрушілердi қолдау жөніндегі шараларды iске асыру үшiн бөлiнген 22 716 100 (жиырма екi миллион жетi жүз он алты мың бiр жүз) АҚШ долларына баламалы сомадағы қаражат уәкiлеттi банктер қайтарғаннан кейiн Қордың жарғылық капиталын арттыруға бағытталсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.