Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің Ұлттық санаткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 шілдедегі № 756 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датачетверг, 11 июля 2002
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

«Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 11 шілдедегі № 756 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 29.08.03 ж. № 886 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды

2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнiсi ғылым саласында санаткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру және мемлекеттік монополияға жатқызылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру (өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласында қызмет көрсету) болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитет белгіленсiн.

4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорын Жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетiнiң таратылып отырған «Қазақстан патенттік сараптама институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкiн Кәсiпорынға берсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. «ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов






























 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом