Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі
банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ
екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат
беру ережесін бекіту жөнінде" 2001 жылғы 14 қарашадағы № 427 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы № 212 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.09.01. № 4 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде" 2001 жылғы 14 қарашадағы № 427 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесінде:
кіріспесі мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Осы Ереженің талаптары банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жарғылық капиталына қатысу жағдайларына қолданылмайды.";
2-тармақта:
бірінші азатжолдағы "жарғылық капиталына қатысуға" деген сөздер "акцияларды сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: