Введите номер документа
Прайс-лист

«Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік» ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 5 тамыздағы № 868 қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 5 августа 2002
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 5 августа 2002

"Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк" ашық
акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 5 тамыздағы № 868 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

1. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк" ашық акционерлік қоғамы жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қаржылық берешектермен жұмыс жөніндегi орталық" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметiнiң негізгі мәні салық берешегiнiң есебіне салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн, сондай-ақ жекелеген негiздемелер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi сатуға байланысты iс-шараларды жүргiзу болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiріс министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қоғамның жарғысын бекiтсін және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi өзге де шараларды қабылдасын.

4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қарашадағы № 1508 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiріс министрлігiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi туралы (бұдан әрi - Комитет) ереже бекiтілсiн."

2) 3-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi туралы ережеде:

3-тармақтың төртiншi абзацындағы "табылмайтын" деген сөз "табылатын" деген сөзбен ауыстырылсын.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі бiр ай мерзiмде Үкiметтiң бұрын қабылданған кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов


































 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом