Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қызмет» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 14 қарашадағы № 1208 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 14 ноября 2002
Статус
Действующийвведен в действие с 14 ноября 2002
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қызмет» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 14 қарашадағы № 1208 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қызмет» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қолдау» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік тапсырысты орындау жолымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін энергиямен, сумен және жылумен қамтамасыз ету, тіршілігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымын жетілдіру саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) бір ай мерзімде Кәсіпорын Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

2) Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қолдансын.

4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов










































































 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом