Введите номер документа
Прайс-лист

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2002 ж. 14 қарашадағы № 352-II Заңы

Информация о документе
Датачетверг, 14 ноября 2002
Статус
Действующийвведен в действие с 14 ноября 2002
Дата последнего изменениячетверг, 14 ноября 2002

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасының 2002 ж. 14 қарашадағы № 352-II Заңы


"Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат, № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-кұжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

15-баптың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Заңды тұлғаның атауы өзгерген (соның ішінде Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), тұрған жері (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда, ол бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.";

21-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"4) лицензиялар берудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгіленетін жағдайлардан басқа, азаматтық кәсіпкерлік қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлғаның бір түрінің заңды тұлғаның екінші бір түрі болып қайта құрылуын (ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеруін) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда тоқтатылады.".

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом