Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің «Кеден қызметінің ақпараттық жүйелер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 қаңтардағы № 62 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеденкомитетінің «Кеден қызметінің ақпараттық жүйелер орталығы» республикалықмемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің2003 ж. 20 қаңтардағы № 62 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің «Кеден қызметінің ақпараттық жүйелер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.