Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазоңтүстікгипросушар» жобалау-іздестіру институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 24 қаңтардағы № 89 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датапятница, 24 января 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 24 января 2003

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
"Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-іздестіру институты" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 24 қаңтардағы № 89 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.06.04.  № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

"Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 тамыздағы № 864 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-іздестіру институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің "Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі - Мекеме) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Мекеме қызметінің негізгі мәні суландыру жүйелері жайкүйінің мониторингін жүргізу, суармалы төлімдердің құрылысын жобалауды жүзеге асыру, нормативтік әдістемелік құжаттар әзірлеу болып белгіленсін.

3. Мекеме штат санының лимиті 23 бірлік санында бекітілсін.

4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Мекеменің жарғысын бекітсін;

2) Мекеменің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2005.06.04.  № 310 Қаулысымен  күші жойылды (бұр. ред. қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов
























































































































































 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом