Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 ақпандағы № 135 қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 6 февраля 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 6 февраля 2003

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 6 ақпандағы № 135 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 8-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігімен және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігімен бірлесіп, рұқсаттық құжаттары жоқ түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункттері қызметінің жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын және олардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат беріп отырсын";

2) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом