Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бірқатар бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 82 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2004 жылғы 20 қарашадағы № 953 бұйрығымен күші жойылды
Білім алушылардың құқы мен мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту, сондай-ақ жоғары оқу орындарында мамандар даярлау сапасын бақылауды күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары кәсіби білім беретін білім ұйымдарында оқуға қайта алу және ауыстыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 350 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1176 болып тіркелген, 2000 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 8-нөмірінде жарияланған, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 350 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы № 1152 бұйрығы) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары кәсіби білім беретін білім ұйымдарында оқуға қайта алу және ауыстыру тәртібі туралы ережесінде:
6-тармақта "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2000 жылғы 12 шілдедегі № 714 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1222 болып тіркелген, 2000 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 10-нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: